KZNews.kz
Спорт

Бір апта бұрын балалы болған Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан екінші рет үйленді

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде спортшының тойына қатысты фото мен видеолар тарады. Махмұд Сабырхан мен оның жақындары бұл туралы ешқандай ресми жазба қалдырмағанымен, қалыңдық Айғаным Ержігітова мерекеден үзінділер жариялаған.

Белгілі болғандай, боксшы бір жыл бұрын Назым Мырзағалиқызына үйленіп, жақында ғана бірінші баласын қарсы алған. Осыған байланысты желі қолданушылары спортшының жаңа некесіне сын көзбен қарап, бұрынғы жарына қолдау білдіруде.

Көпшілік әлеуметтік желіде «Бала дүниеге келіп жатқан кезде той жасау дұрыс емес», «Мұндай әрекет ер азаматқа жараспайды» деген пікірлер қалдырған.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары