Биологиялық мембраналар арқылы активті тасымалдау слайд,презентация
1) Қоршаған ортамен салыстырғанда автономдылығы, яғни жасушаның заттары қоршаған ортаның заттарымен араласпауы керек, жасушада және оның жеке бөліктерінде өтетін химиялық реакцияның өзін-өзі (автономдық) басқару мүмкіншілігі сақталуы қажет.
2) Қоршаған ортамен байланыс. Жасуша мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс энергия мен зат алмасуының реттелген түрде үздіксіз жүруі;
3) Қоршаған ортадан оқшаулануы (автономдығы) және сол ортамен тығыз байланысының бірлестігі- тірі ағзаның барлық деңгейдегі ұйымдасу қызметінің (функциясының) басты шарты. Сондықтан жасушаның өмір сүруінің басты шарты-яғни өмірдің негізі-ол биологиялық мембраналар.
Бөгеттік (барьерлік) қызметі мынада: қоршаған ортамен жасушаның арасында таңдамалы (селективті), кезекпен, белсенді (активті) және енжар (пассивті) зат алмасу процесстері жүреді.
Матрицалық - мембранадағы ақуыздардың орналасуын, олардың бағытын және өзара ұтымды әсерлесуін қамтамасыз етеді.
Механикалық - жасушалар және жасуша ішіндегі құрылымдар берік болып өзін-өзі басқаларды (автономды).
Сонымен қатар биологиялық мембраналар тағы да мынадай қызметтер атқарады:
энергетикалық-митохондрийдің ішкі мембраналарында АТФ-ті синтездеу және хлоропласт мембранасында фотосинтездеу:
биопотенциалдарды өндіру және оларды тарату;
рецепторлық (механикалық, акустикалық, иіс сезу, көру, химиялық, жылулық рецепция) және т.б. қызметтер.