Білім беру жүйесін жаңа әдістік технологиямен қамтамасыздандыру туралы реферат
05.12.2020
02:38
0
8
Тақырыбы: Білім беру жүйесін жаңа әдістік технологиямен қамтамасыздандыру
КІРІСПЕ
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық,әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді..
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер кұра біледі.
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру.
- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.
- педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.
- оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
- бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
- информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;
- арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
- облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
- облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;
- оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
- вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
- болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
- рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
- эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
- iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
- тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
- жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.
- қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).
- ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
- өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.
- Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану бағытындағы элементарлы-бейімделген деңгейі. Бұл деңгейде келесі мазмұндар қарастырылады: компьютермен және оның құрылғыларымен жұмыс жасау техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу процесіне қолданбалы программалық құралдарды қолдану дағдылары. Сонымен бірге келесі мәселелер де қарастырылады: білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.
- Қызметтік-ізденістік деңгей. Мұнда педагог мамандар ақпараттық технологиямен жұмыс жасау негіздерін практикалық түрде меңгереді. Сондықтан мұнда жұмыс орындарын автоматтандыру процесін құру технологиясы (АЖО-директор, АЖО-оқу ісінің меңгерушісі, АЖО-сабақ кестесі, АЖО-кітапхана және т.б. ) және мультимедиялық электрондық оқу құралдарын жасақтау алгоритмі сияқты мәселелер қозғалады. Сонымен бірге келесі сипаттағы мәселелер де қарастырылады:
- білім беруді ақпараттандырудың теориялық негіздері;
- білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері;
- педагог мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық шарттары;
- ақпараттық технология негіздерін оқытуда жобалау және итерактивтік әдістерді қолдану негіздері;
- басқарудың ақпараттық жүйесін автоматтандыру моделі және оқу процестерін ақпараттандыруды дамыту технологиясы.
- Жүйелік-шығармашылық деңгей. Мұнда келесі мәселелер қарастырылады: электрондық оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау алгоритмі; автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау технологиясы: «АЖО-директор»; «АЖО-оқу ісінің меңгерушісі»; «АЖО-бухгалтер»; «АЖО-сабақ кестесі»және т.б.; әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мақсатында web-сайтты жасақтау; оқыту әдістерін жетілдіру және т.б.
- Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
- методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
- әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
- қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
- оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
- өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
- информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
- тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.
- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
- жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
- «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к.
- Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
- Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
- «Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж 44, 45 бет
- www.google.kz.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ