Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Билікті күшпен басып алу: Қырғызстан МҰҚК-нің экс-басшысы Ташиевке екі бап бойынша айып тағылды

Билікті күшпен басып алу: Қырғызстан МҰҚК-нің экс-басшысы Ташиевке екі бап бойынша айып тағылды
Фото: ашық деркккөзден

Қырғызстанда Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Камчыбек Ташиевке ресми түрде айып тағылды. Бұл туралы адвокат Икрамидин Айтқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz  24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Адвокаттың айтуынша, Камчыбек Ташиевке Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылып отыр: "Билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, сондай-ақ конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер" және "Лауазымдық жағдайын теріс пайдалану". Бұл осы баптың 2 және 4 бөліктеріне қатысты: өзі немесе басқалар үшін пайда мен артықшылыққа ие болу мақсатында немесе басқа жеке мүдде үшін жасалған, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлға жасаған әрекет. 

Қазіргі уақытта Қырғызстан МҰҚК экс-басшысынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған. Адвокаттың хабарлауынша, ол кінәсін мойындамайды. 

Айта кетейік, бұл істе Ташиевтен бөлек, экс-бас прокурор Құрманқұл Зулушев пен бұрынғы парламент спикері Нұрланбек Тұрғынбек уулуның да аты аталды. Дегенмен, оларға қандай айып тағылғаны әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпанда Камчыбек Ташиев Қырғызстан МҰҚК төрағасы қызметінен босатылған еді. Ташиев бұл өзі үшін күтпеген жағдай болғанын мәлімдеді.

Жақында Жогорку Кенеш депутаты Эльвира Сурабалдиева берген сұхбатында Камчыбек Ташиев мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға әрекеттенгені үшін қызметінен босатылғанын айтты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.