KZNews.kz
Жаңалықтар

Бердібек Сапарбаевтың келіні қайын атасының өмірлік ұстанымдарын еске алды

Қайсар Қанат
Arasha.kz коллажы

Қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың келіні Адель Сапарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм қайын атасына арналған естелігін жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Адель Сапарбаева Instagram-дағы жазбасында Бердібек Сапарбаевтың өмірлік қағидалары мен адамға көмектесудегі ұстанымын ерекше ықыласпен еске алған. Оның айтуынша, қайын атасы жәрдем берудің де жауапкершілігі болатынын терең түсінген.

"Бір реттік көмек бар, ал адамды өз бетімен өмір сүруге үйрету бар. Бұл ол үшін жай мысал емес, нақты өмірлік принцип еді. Қарызды жауып беру немесе себепсіз ақша таратуды құптамады, өйткені әркім өз шешіміне өзі жауап беруі керек деп санайтын", – деп жазды ол.

Адель Сапарбаеваның сөзінше, марқұм шынайы көмекті адамның өз аяғынан нық тұруына жол ашатын қолдау деп білген. Жауапкершілікті өзгеге немесе жүйеге ысыру жеке адамға да, тұтас экономикаға да кері әсер етеді деген көзқарасты ұстанған.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев еңбектің, тәртіптің және күнделікті қарапайым дағдылардың маңызын жиі атап өткен. Таңертең төсекті жинау, тамақтан соң ыдысты реттеу секілді ұсақ көрінетін әрекеттердің өзі адам бойында жауапкершілік пен мінез қалыптастырады деп сенген.

"Осындай қарапайым істерден адамның болмысы қалыптасады", – деп түйіндеді Адель Сапарбаева.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →