“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"70-ке келдім, бәрін білемін деп жүруші едім": Бердібек Сапарбаевтың келіні естелігін бөлісті

"70-ке келдім, бәрін білемін деп жүруші едім": Бердібек Сапарбаевтың келіні естелігін бөлісті
ашық дереккөзден

Қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың келіні Адель Сапарбаева әлеуметтік желіде марқұм қайын атасына арналған әсерлі естелігін бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Адельдің айтуынша, Бердібек Машбекұлы ешқашан ұзақ ақыл айтып, насихат жүргізуді ұнатпаған. Ол адамға сөзбен емес, өз болмысымен, өмір сүру салтымен әсер ете білген тұлға болған.

«Жансұлтанның әкесі бізге ешқашан көп сөйлеп, бағыт-бағдар бермейтін. Ол тек қалай өмір сүру керегін ісімен көрсететін. Қасында жүрген жанға бәрі артық сөзсіз-ақ ұғынықты болатын», – деп жазады ол.

Қызметте жүрген жылдары Бердібек Сапарбаевтың кітап оқуға уақыты болмаған. Өмірі халыққа қызмет ету, үлкен жауапкершілік пен ел алдындағы міндеттермен өткендіктен, кітап оқу кейінге шегерілген, бөлек бір әлемдей қабылданған.

Зейнетке шыққан соң ғана ол үйіндегі кітапханасын реттеп, ой елегінен өткізіп, рухани тыныштыққа бет бұрады. Сол кезеңде күтпеген жерден келінінің жазған кітабын қолына алған.

«Кездейсоқтық па? Мен олай ойламаймын. Кездейсоқтықтың артында Алланың үнсіз жоспары жатады», – дейді Адель.

Бұл кітап жан туралы, рухани әлем, адамдардың өмірге келмей тұрып-ақ бір-бірімен белгілі бір сабақтарды бірге өтуге келісетіні жайлы болатын. Ата-ана, бала, жар болмас бұрын таңдалатын ішкі рухани жол туралы жазылған еңбек еді.

Адель бір күні бұл кітапты қайын атасының бөлмесінен көріп, таң қалғанын айтады. Кейін олар оны асықпай, пікірталассыз, дәлелдеусіз талқылай бастаған. Әңгіме тек сезім мен ішкі түсінікке негізделген.

Сол әңгімелердің бірінде Бердібек Машбекұлы:

«Мен 70 жасқа келдім. Бұрын бәрін білемін деп ойлайтынмын. Ал қазір түсіндім — мен үшін әлі беймәлім, танып үлгермеген бір әлем бар екен», – деген.

Осыдан кейін ол келесі оқитын кітабын таңдауды да келінінен сұраған. Ал алғашқысы Крайонның «Үйге саяхат» атты еңбегі болған.

Адель Сапарбаеваның сөзінше, дәл осы кітаптан кейін қайын атасының ешқашан сөзбен үйретпеген, бірақ болмысымен көрсеткен басты қасиеттері айқын көріне бастаған: тереңдік, ашықтық және «мен әлі де ізденіс жолындамын» деп мойындай алу.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер