Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, белгілі ақын Күләш Ахметова 79 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Күләш Ахметова – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сондай-ақ "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері атанған, ұлттық поэзияға өзіндік қолтаңба қалдырған ақын.
Шығармашылық жолында ол "Ақ гүлім менің", "Сен менің бақытымсың", "Бұлақтағы жұлдыздар", "Мейірім", "Жапырақ – жаздың жүрегі" атты бірқатар жыр жинақтарын жарыққа шығарып, оқырман жүрегінен ерекше орын алған.
Күләш Ахметованың туындылары қазақ поэзиясының ең үздік үлгілері ретінде бағаланып, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.