KZNews.kz
Шоу-бизнес

Белгілі актрисаға Қайрат Нұртастың анасы гауһартасы бар әшекей сыйлады

Ayzhan Sylanova
Фото: жеке парақшадан

Әселдің айтуынша, Гүлзира Айдарбекова оған жарнамалық бейнероликке түсу туралы ұсыныс жасаған.

«Жұмыс нөміріме Гүлзира ханым хабарласты. “Әсел, сен қазір ең үздік блогерлердің бірісің, мені қолдап, видеома түсіп берші” деді. Бірден келістім. Ол кісі еңбегімді бағалап, ақыма қатысты сұрады, бірақ мен ақша алмайтынымды айттым. Батасын беріп, риза болды», – деп жазды блогер.

Түсірілім кезінде уақытынан бұрын келіп, жауапкершілікпен жұмыс істегені үшін Гүлзира Айдарбекова оған 10 грамм гауһартасы бар әшекей бұйым сыйлаған.

«Мұндай қымбат сыйлық күтпегендіктен, қатты таңғалдым. Бұл жерде бастысы – алтынның бағасы емес, сыйластық», – деді Әсел Асқар.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары