"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі актриса Рымкеш Омарханова дүниеден озды

Белгілі актриса Рымкеш Омарханова дүниеден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының негізін қалаушылардың бірі, белгілі актриса Рымкеш Омарханова өмірден озды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаралы хабарды актриса еңбек еткен Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ресми парақшасы жариялады.

"Рымкеш Омарханқызының өмірден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Рымкеш Омарханқызы - жарты ғасырдан астам уақытын ұлттық сахна өнерінің дамуына арнаған, 150-ден аса рөлді сомдап, қазақ театрының алтын қорын байытқан дара актриса. Ол Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы театрда шыңдалып, кейін елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ашылуына зор үлес қосты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, актриса еңбек жолында Мақпал (Ғ. Мүсірепов "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу"), Төлегеннің анасы ("Қыз Жібек"), Мөржан (М. Әуезов "Қарагөз"), Еңлік ("Еңлік–Кебек"), Таңқыбике ("Түнгі сарын"), Толғанай (Ш. Айтматов "Ана–Жер–Ана"), Катерина (А. Островский "Найзағай"), Джульетта (У. Шекспир "Ромео мен Джульетта"), Биғайша (Т. Ахтанов "Күшік күйеу"), Ганна (А. Дударев "Кеш") сияқты рөлдерді сомдаған.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары