KZNews.kz
Саясат

Беларусьте жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп күдікке ілінген қазақстандық экстрадицияланды

KZNEWS

Беларусьтегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп күдікке ілінген қазақстандық экстрадицияланды деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қадағалау органының қызметкерлері Интерполдың көмегімен Беларусьтен Жамбыл облысының аумағында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан күдікті азаматты экстрадициялады.

""Аталған азамат қылмыстық жазалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды", – деді Бас прокуратура.

Қазақстан заңнамасы бойынша жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары