«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Беларусьте Отанын сатқан шенеуніктерді атып тастау ұсынылды

Беларусьте Отанын сатқан шенеуніктерді атып тастау ұсынылды

Беларусьтің өкілдер палатасы мемлекетке сатқындық жасаған шенеуніктер мен әскерилерге өлім жазасын тағайындауды ұсынды.

Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Депутаттар аталмыш заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Норма елдің Қылмыстық істер кодексінің жобасындағы 3 бапқа өзгерістер енгізеді. Осының нәтижесінде «бүлдіргіш элементтерді тұсаулап ұстау мақсатында» жаңа жаза түрлері қолданыста болады.

Шенеуніктер бұл бастаманың елде терроризммен күрестің тиімді де тез жүргізілуіне әсер ететініне сенімді. Қазір Беларусь Еуропа мен Орталық Азиядағы осы кезге дейін өлім жазасын қолданып келе жатқан жалғыз мемлекет болып отыр. Белорустар өлім жазасын қалдыруды 1996 жылы өткен референдумда қолдаған болатын.

Президент Александр Лукашенко биылғы мамырда «терроризм актісін жасауға талпынғандарды» өлім жазасына кесу туралы заңға қол қойды. Билік ату жазасына ілігетіндер санатын барған сайын көбейтіп келеді. Енді солардың қатарына Отанын сатқан шенеуніктер мен әскери қызметкерлер де кіргелі тұр.

Автор
Нұрсұлтан