Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады

Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады
ixbt.com

Қыркүйек айының ортасында өткен Үкімет отырысында цифрлық қаржы активтерін дамыту мәселесі қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа қаржы құралдарын елдің бірыңғай қаржы-технологиялық жүйесіне енгізу қажет екенін айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады, деп хабарлайды kznews.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық активтерді Қазақстан экономикасына инвестиция тартудың жаңа құралы ретінде дамытуды ұсынды.

Үкімет басшысының айтуынша, нақты активтерді, соның ішінде инфрақұрылымдық жобалар, жылжымайтын мүлік және шикізат активтерін токенизациялау арқылы қосымша қаржы тартуға болады.

«Кез келген салынып жатқан нысанды немесе жобаны цифрлық үлестерге бөлуге болады. Мұндай акционер кез келген адам бола алады», – деді Бектенов.

Премьер-министр Ұлттық банкке инвестиция тарту үшін цифрлық форматқа басымдықпен көшірілетін активтердің нақты тізімін әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ мұндай операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерді нақты реттеу қажет екенін айтты.

Бектенов цифрлық активтер нарығы мен криптоиндустрияның дамуы алаяқтықтың жаңа түрлеріне де жол ашатынын айтты. Осыған байланысты уәкілетті органдарға азаматтарды цифрлық ортадағы қауіптен қорғауды күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, Жасанды интеллект министрлігіне Ұлттық банкпен бірлесіп киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы саладағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі