Олжас Бектенов қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады, деп хабарлайды kznews.kz.
«Құрметті отандастар! Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен дамудың жаңа кезеңіне сенімді түрде қадам басты», – делінген үндеуде.
Премьер-министрдің айтуынша, жалпыұлттық референдумда қазақстандықтар белсенділік танытып, мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын қолдаған.
«Кеше өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан азаматтары белсенді қатысып, шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетті. Біз ауқымы мен маңызы жағынан тарихи оқиғаның тікелей қатысушысы болдық», – деді ол.
Сондай-ақ, оның сөзінше, қазақстандықтар елді одан әрі жаңғыртуға дауыс беріп, мемлекеттілікті нығайтуға үлес қосты.
«Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның жаңа тарихы демократиялық құндылықтарға негізделіп, ұлттық дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарай отырып қалыптасады», – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, оны ел бірлігі мен тәуелсіздігінің символы деп атады.