Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегін көтеру көзделіп отыр - Ұлттық банк
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов 2026 жылы қазақстандықтардың жалақысы артатынын айтты

Бектенов 2026 жылы  қазақстандықтардың жалақысы артатынын айтты
Фото © Tengrinews.kz

Қазақстан Үкіметі халықтың табысын арттыруға бағытталған кешенді шараларды әзірлеуде. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, қаржылық, салықтық және басқа да ынталандырушы құралдарды енгізу жоспарланып отыр.

«Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының динамикасынан артта қалып отыр. Бұл табыс кәсіпорындардың өз қызметі арқылы да, сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау есебінен де алынған. Қазіргі уақытта Үкімет халықтың табысын арттыру бойынша кешенді шаралар әзірлеуде. Атап айтқанда, жалақыны көтеруге, лайықты еңбекақысы бар жұмыс орындарының санын арттыруға, кәсіби дағдылар мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған қаржылық, салықтық және өзге де ынталандырушы шаралар қарастырылуда», – деді Премьер-министр.

Бектеновтің сөзінше, 2026 жылға арналған Үкіметтің негізгі басымдығы – халықтың нақты табысын өсіру. Бұл мақсатқа жаңа өндірістер құруға, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған жүйелі шаралар арқылы қол жеткізу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2025 жылғы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі