KZNews.kz
Қоғам

“Бекет атаға зиярат етуге шыққан”: 10 адам қаза тапқан апаттың мән-жайы белгілі болды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

ІІМ баспасөз қызметінің дерегінше, министрдің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, ол тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Министр қылмыстық істің тергеуін жеке бақылауына алды. Тергеу барысында жүргізушінің әрекеті, көліктің техникалық жағдайы, бағыт пен тасымалдау шарттары тексерілуде.

Ведомство өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, автобустың жолаушылары қасиетті Бекет-Атаға зиярат етуге шыққан. Барлығы – Қазақстан азаматтары, әртүрлі өңірлерден келген. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

ІІМ әкімдіктер мен басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек ұйымдастыруда. Ол бірнеше бағытты қамтиды:

«Ішкі істер министрлігі қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтады. Жүргізушілерге жолда қауіп тудырмас үшін шаршаған күйде рөлге отырмауды және көлікті артық жүктемеумен пайдаланбауды ескертеміз. Шаршаған жүргізуші үлкен апатқа себеп болуы мүмкін», – деді Шыңғыс Алекешев.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары