Бекет атаға барып, кейін жоғалып кеткен үш адам Маңғыстауда табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бекет атаға барып, кейін жоғалып кеткен үш адам Маңғыстауда табылды

Бекет атаға барып, кейін жоғалып кеткен үш адам Маңғыстауда табылды

Маңғыстау облысында Бекет ата жерасты мешітіне барғаннан кейін жоғалып кеткен үш адам табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін үш тұрғынның қасиетті орынға барған соң байланысқа шықпай қалғаны хабарланған еді. Олар жақындарымен соңғы рет 2 шілде күні сөйлесіп, Бекет ата аумағынан видео жіберген.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, жоғалған адамдар ауқымды іздестіру операциясы кезінде табылды.

Адамдар отырған көлік Қыдырша ата шатқалынан шамамен 35 шақырым жердегі жетуі қиын аумақтан анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік батпақты жерде тұрып қалған. Соның салдарынан ішіндегі адамдар жолын өз бетімен жалғастыра алмай, байланысқа шыға алмаған.

Жоғалғандарды алғаш болып Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тапты.

Қазір азаматтар Ақжігіт ауылына жеткізіліп жатыр. Онда олар медициналық тексеруден өтеді.

Полиция іздеу операциясы полиция қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері және өзге де жұмылдырылған қызметтердің бірлескен жұмысының арқасында сәтті аяқталғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін іздеу жұмыстарына полицейлер, құтқарушылар, «Охотзоопром» мамандары, тікұшақтар мен арнайы техника тартылған еді. Сондай-ақ еріктілер өңір тұрғындарын іздестіруге көмектесуге, соның ішінде дрондарды пайдалануға шақырған болатын.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер