Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы табысталды

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы табысталды

Ослода 10 желтоқсан күні бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Биыл бұл сыйлыққа конголық Денис Муквеге мен ирактық құқық қорғаушы Надя Мурад ие болды.

Денис Муквеге Конгода 1998-2002 жылдары болған қарулы қақтығыс кезінде жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді емдеумен айналысқан. Конголық гинеколог Муквеге зардап шеккен әйелдерге арнап клиника салған. Ол Нобель сыйлығына 2013 жылы ұсынылған.

Надя Мурад 2014 жылы Иракта мыңдаған езидпен "Ислам мемлекеті" (ИМ) террорлық тобының тұтқынына түсіп, құлдықта болған. Үш айдан кейін тұтқыннан құтылып, мыңдаған босқынмен Германияға қашып кеткен. Қазір Германияда тұрып жатыр. Надя Мурад 2016 жылы БҰҰ-ның құлдыққа сатылғандардың құқығын қорғау бойынша елшісі болып тағайындалған. Ол - ИМ тобының Ирак әйелдеріне жасап жатқан қысымы туралы жиі көтерген белсенді.

Биылғы сыйлық иегерлері бір миллион доллар көлемінде сыйақы алды. Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығына биыл барлығы 331 үміткер болған. Үміткер болғандар арасында Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин, Эритрея басшысы Исаяс Афверки мен Эфиопия басшысы Абий Ахмед және "Шекарасыз дәрігерлер" құқық қорғау ұйымы бар. Нобель сыйлығы 1901 жылы тағайындалған.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Санжар