KZNews.kz
Шоу-бизнес

Бейбіт Қорған балаларын тұңғыш рет халық алдына шығарды

Айжан Сыланова

Танымал әнші Бейбіт Қорған жеке өміріне қатысты тың мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында отбасына қатысты алғаш рет жазба жариялап, балаларының бар екенін көпшілікке мәлім етті. Әнші қысқа ғана, бірақ мағыналы жазбасында: «Алла бере салған Бексұлтан ұлым мен Балзия қызым», – деп атап өтті.

Бұл жазба желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп, тыңдармандары әншіге ақ тілектерін арнады. Көпшілік Бейбіт Қорғанның отбасылық бақытына қуанып, балаларына амандық пен жарқын болашақ тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін әнші жеке өмірін көпшілік назарынан тыс ұстауға тырысып келген.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →