Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк нарықтың ығына жығылды ма?

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк нарықтың ығына жығылды ма?
Фото: nationalbank.kz

Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайыздан 16,25 пайызға дейін төмендетті. Осылайша қаржы нарығындағы қатаң ұстаным 0,5 пайыздық тармаққа қысқарып, жұмсарды деуге болады.

Әлбетте, бұл шешім нарық үшін аяқ асты болған жоқ, керісінше, қаржыгерлер соңғы аптада осылай болатынын болжап еді. Мәселен, кеше Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 89 пайызы базалық мөлшерлеме төмендейді деп болжаған. Қалған 11 пайызы оны бұрынғы 16,75 пайыз деңгейінде сақтайды деп күткен.

Демек, Ұлттық банк қаржы нарығының күткен сценарийін жүзеге асырды. Бұл реттеушінің ақша-кредит саясатын біртіндеп жұмсартып жатқанын көрсетеді. Алайда, мөлшерлеменің төмендеуі инфляция мәселесі шешілді дегенді білдірмейді.

Керісінше, қаржыгерлер алдағы 12 айдағы инфляция бойынша болжамын 10,4 пайызға дейін көтерген. Сондықтан Ұлттық банк үшін негізгі міндет экономикалық белсенділікті қолдау мен бағаның қайта өсуіне жол бермеу арасындағы тепе-теңдікті сақтау болып қала береді.

Яғни, нарықтағы келесі маңызды қадам мөлшерлеменің әрі қарайғы даму бағыты болмақ. Бірінші кезекте несие саясатындағы ұстанымға әсер етуге тиіс. Және қаржыгерлердің болжамынша, алдағы бір жылда базалық мөлшерлеме 14,75 пайызға дейін түсуі мүмкін. Бірақ, бұл автоматты түрде несие арзандайды деген сөз емес екен. Өйткені, банктердің кредит мөлшерлемесіне қаржыландыру құны, тәуекел деңгейі және нарықтағы бәсеке де әсер етеді.

Қысқасы, 16,25 пайыздық мөлшерлемелер арзан ақша дәуірінің басталуы емес, ақша-кредит саясатын біртіндеп жұмсартудың кезекті қадамы болуы мүмкін. Әлбетте, оны жалғасы инфляцияның қалай өзгеретініне байланысты болады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.