"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Байларға салынатын салық күшеймек»: Тоқаев салық кодексіне өзгеріс енгізді

«Байларға салынатын салық күшеймек»: Тоқаев салық кодексіне өзгеріс енгізді
Фото: akorda

Заңның толық атауы – «Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне және оны іске асыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Құжат қазіргі қолданыстағы салық жүйесіне түзетулер енгізуді көздейді.

Бұған дейін құжат қоғамда қызу талқыланып, сарапшылар тарапынан сынға ұшыраған еді. Сенат заң жобасын Мәжіліске кері қайтарып, кейбір баптарына түзетулер енгізілгеннен кейін ғана Президентке қол қоюға ұсынылған.

Жаңартылған кодексте бірнеше маңызды өзгеріс бар. Атап айтқанда:

  • қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 пайызға дейін артады,
  • заңды тұлғалар үшін ҚҚС төлеу шегі қайта қаралады,
  • табыс деңгейіне қарай сараланған салық (прогрессивті жүйе) енгізіледі,
  • сән-салтанатқа (роскошь) салық салу қарастырылған.

Жаңа салық саясатының халықтың тұрмысына нақты әсері уақыт өте айқындалатын болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.