Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бауыржан Байбек дауыс беруге ұлымен бірге барды

Бауыржан Байбек дауыс беруге ұлымен бірге барды

Қала басшы Алматының жетістіктерін де еске салуды ұмытпады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек "Орбита" шағын ауданында орналасқан №44 сайлау учаскесінде дауыс берді. Онымен бірге жұбайы мен ұлы да болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистерге сұхбат берген қала басшысы тәуелсіздік жылдары ішінде Алматы экономикасының 100 есеге өскенін де еске салуды ұмытпады. Содан кейін сайлауға қатысты өз пікірін жеткізді.

© Sputnik / Тимур Батыршин

Алматы әкімі Бауыржан Байбек дауыс берді

"Бүгін ауа-райы тамаша. Сайлау учаскелеріне барып, нағыз дауыс беретін сәт. Мен өзім сайлаудың ашық әрі заң сай өтетініне сенімдімін. Алматылықтар өз болашағы үшін, балалары үшін, немерелері үшін, тұрақтылық үшін таңдау жасайды", - дейді Байбек.

© Sputnik / Тимур Батыршин

Алматы әкімі Бауыржан Байбек сайлау учаскесіне әйелі мен ұлымен бірге келді

Айта кетейік, Қазақстандағы сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру науқаны кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Елорда уақытымен сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 51,8%-і дауыс беріп үлгерді.

Жалпы, Қазақстанда 11 947 995 адам дауыс бере алады.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр