Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бауыржан Байбек Қазақстанда жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды

Бауыржан Байбек Қазақстанда жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды
Фото: altyn-orda.kz

Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек біраз үзілістен кейін жаңеа қызметке кірісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Qazaq Kaolin компаниясының ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, ол директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалған.

Бұл қызметке 2025 жылғы 15 желтоқсанда кіріскен деп көрсетілген. 

Бауыржан Байбек 2022 жылдың ақпан айында Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз қалауымен кеткен еді. Кейін ол Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, білімін толықтырып, шетелдік инвестиция тарту саласында жұмыс істеген. Ал оның әпкесі Айгүл Байбек кейінірек саясаткердің Жапонияда жүргенін айтып, Қазақстанға жапон технологиясы мен капиталын тартуға бағытталған жобалармен айналысып жатқанын жеткізген.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі