KZNEWS.KZ
Қоғам

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Батыс Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде болған жол-көлік оқиғасынан екі полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 шілде күні Тасқала ауданында болған.

«Қызметтік міндетін атқару барысында Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері көз жұмды. Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Жол апатының нақты себептері тергеу барысында белгілі болады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →