«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Басшысы милилион, қызметкері 200 мың алады": Нығматулин мемлекет ақшасын ақтамағандарға ашуланды - Қазақстан жаңалықтары

"Басшысы милилион, қызметкері 200 мың алады": Нығматулин мемлекет ақшасын ақтамағандарға ашуланды - Қазақстан жаңалықтары

Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин тұрғын үйлерді экономист, заңгер, инженер мамандар басқаруы керектігін айтты. Сондай-ақ, мүмкіндігінше бұл саланы әлемдік стандарттарға жақындатуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.  

Сурет: Kazaknews

"Тұрғын үйді басқару – хобби емес, менеджерлік жұмыс. Тұрғын үйді басқаратындарға қандай талаптар қойылатыны Заң жобасында жазылуы тиіс. Бүгін таңертеңнен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту орталығының басшысын алдырдым. Жиенбаев, сіздің міндетіңізге қажетті кадрларды даярлау да кіреді. Негізі осы орталықтың жұмысы көп мәселе тудырады", - деді мәжіліс төрағасы. 

Әрі қарай ол аталған орталықтың 100% мемлекеттің қатысуымен құрылып отырғанына және қазіргі таңда 97 қызметкер жұмыс істейтініне тоқталды. Сондай-ақ, олардың жұмысының алып отырған жалақыларына сай келмейтінін ескертті. 

"Басшының орынбасарлары премьер-министрдікінен көп. Жалақылары да қайран қалдырады. Бірақ бұл мемлекеттің ақшасы болғаннан кейін бұл мәселені реттеу керек. Басшысы 1 миллион, ал қатардағы қызметкерлері 200 мың теңгеден алады. Мұндай аппарат және жалақысы бола тұра қалайша жұмыс істемейді", - деп шүйлікті Нұрлан Нығматулин. 


stan.kz
Автор
Арман