KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Бәріміз бір нәрсені өзгерткіміз келеді": Айнұр Тұрсынбаева желіде ерекше жазба жариялады

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден. Суретте: Айнұр Тұрсынбаева мен жолдасы

Айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшілікті ойландыратын өмірлік кеңестерін бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Бәріміз бір нәрсені өзгерткіміз келеді... Біреу жұмысын өзгерткісі келеді. Біреу мекен-жайын өзгерткісі келеді. Біреу күйеуін, біреу енесін, біреу баласын, біреу келінін, біреу көршісін... Сен күйеуді өзгерте алмайсың! Бірақ оған деген қарым-қатынасты өзгерте аласың. Оған деген көзқарасты өзгерте аласың. Адамдармен арадағы ашуды, ренішті кетіре аласың. Миыңдағы қорқыныш пен уайымды өзгерте аласың. Қашан мені сыйлайды, маған уақыт бөледі деген ожиданиядан құтыла аласың... Шектеу мида! Қорқыныш мида! Уайым мида! Мидағы мазасыздықты өзгерте аласың. Сен өзгермесең айналаңдағы адамдар өзгермейді! Сен өзгермесең проблемаң бітпейді! Айналаңа деген жеккөрінішті көзқарастан құтылмасаң жүрегіңде тыныштық болмайды. Өзіңді-өзің қабылдап, өзіңмен-өзің бақытты болуды үйренбесең айналаң сені бақытсыз қылып жүргендей сезім миыңда қадалып тұрады.. Миыңды босат! Аллаға сенуді үйрен! Қуануды үйрен! Ешкімді тәрбиелеме, ешкімді өзгертпе! Айналаңа махаббат беріп үйренсең керекті махаббаты да, құрметті де былай-ақ табасың... Оқырмандарымды жақсы көремін...", – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары