Жаңалықтар

"Бәрі сатты, жалғыз қалдым…" – Заманбек Нұрқаділовтің өмірінің соңындағы өлең жолдары жария болды (ВИДЕО)

"Бәрі сатты, жалғыз қалдым…" – Заманбек Нұрқаділовтің өмірінің соңындағы өлең жолдары жария болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

ҚР Халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірінің соңғы кезеңінде жазған өлең жолдарын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Мақпал Жүнісова жариялаған жазбада "Заманбек Нұрқадіровтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді" деп көрсетіліп, қоғам қайраткерінің өз қолымен түскен бірнеше шумақ көпшілік назарын аударды.

Өлең жолдарында оның ішкі күйзелісі, қоғамға деген көзқарасы және өз тағдырына қатысты ауыр ойлары айқын сезіледі.

"Елің көрер ертең-ақ,
Мерей сендей болғанын.
Сендерге қидым қайшымен,
Ғұмырымның қалғанын…"

"Кенет, өлсем, ақ денемді пышақ салып кеспеңдер!
Іште жатқан бар ізгілік босқа ұшпасын, теспеңдер!"

"Бәрі сатты, жалғыз қалдым, 
Заңы солай аздықтың!
Ізсіз жаудан өсті тікен,
У боп шықты қастықтың.
Байқамаппын қызғанышты,
Залымдықты ескермей.
Қаніпезерлер бой көтерді,
Жемісі ғой жастықтың!"

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz