KZNews.kz
Қоғам

“Бәрі өтірік” - Мұрат Нұртілеу өзіне қатысты бар сұраққа жауап берді

Ayzhan Sylanova
Фото: Sputnik / Алексей Никольский

Мәжіліс залына кірген министр тілшілерден тыныштық сұрап, «Айтылған ақпараттың бәрі – өтірік, абсурд.  Аққа Құдай жақ, бұл да бір сынақ шығар» деді.

Журналистердің «Сенбі күні неге тікелей эфирге шығып, ұсталмағаныңызды дәлелдемедіңіз?» деген сұрағына Мұрат Нұртілеу былай жауап берді:

«Жұмыс орнымда отырдым. Жиналыс болды, өздеріңіз де көрдіңіздер. Басқа елдердегі әріптестеріммен сөйлестім, инвесторлармен кездестім. Бәрі әдеттегідей» деді министр.

Сонымен қатар, ол өзіне ауыр айып таққан журналисті сотқа бермейтінін мәлімдеді:

«Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз. Бұл іспен тиісті органдар айналыссын. Өз басыма қабылдамаймын әрі сотқа бермеймін. Жолдаудан кейін елде де болмаймын», – деді министр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары