KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Бәрі бар адамға не сыйлауға болады?”: Айсәуле Бақытбек Тұрсын Алагөзовке ерекше тосынсый жасады

Айжан Сыланова
Фото: politico.kz

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек өгей әкесі Тұрсынғали Алагөзовтің туған күніне ерекше сыйлық тарту етті. Ол тосынсыйды әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіп, туған күн иесін жылы лебізімен құттықтаған, деп хабарлайды kznews.kz

Айсәуле жариялаған видеода ақ түсті, қызыл былғары салонды ретро автокөлік көрсетілген. Ол бұл сыйлықты «бәрі бар адамға» лайықты тарту ретінде таңдағанын әзілмен жеткізді.

«Бәрі бар адамға не сыйлауға болады? Туған күніңмен!» – деп жазды Айсәуле.

Кадрлардағы автомобильдің сыртқы дизайнына қарағанда, ол 1980 жылдары өндірілген америкалық Cadillac Brougham моделіне ұқсайды. Көлік өзінің көлемді кузовы және классикалық дизайнымен ерекшеленеді.

Ашық деректерге сәйкес, АҚШ нарығында осындай үлгідегі көліктердің бағасы шамамен 10 мың доллардан басталуы мүмкін. Ал шетелден автокөлік әкелген жағдайда тасымалдау, кедендік рәсімдеу және басқа да шығындар есепке алынатындықтан, оның Қазақстандағы түпкі құны бұдан әлдеқайда жоғары болуы ықтимал.

Айсәуле Бақытбектің тосынсыйы әлеуметтік желіде де назар аударды. Әсіресе заманауи көліктерден гөрі классикалық автомобильді сыйлық ретінде таңдауы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →