Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Барак Обама науқас балаларға тосыннан сыйлық жасады

Барак Обама науқас балаларға тосыннан сыйлық жасады

АҚШ бұрынғы президенті Барак Обама балалар ауруханасына Санта-Клаус бас киімімен келіп, кішкентай науқастарды жаңажылдық мерекемен құттықтады.  

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама Instagram желісіндегі парақшасында Вашингтондағы балалар ауруханасында болған сәтінде түсірілген видеоны жариялады. Ол балаларға сыйлықтар үлестірді. Экс-президент Твиттердегі парақшасына ауруханадағы сапарынан видео жариялады. Аурухана қызметкерлері Обаманың бұл әрекетіне қатты таңғалған.

Обама тіпті дәрігерлермен бірге балалар үшін We wish you a Merry Christmas әнін орындап берген екен. Кеш соңында медицина қызметкерлеріне үлкен алғысын жаудырды. Америка президентінің ауруханада жүруі балалар мен ата-аналарға күтпеген жағдай болды, кейбіреулері қуаныштан көз жасын жіберді. 

Автор
Арман