“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ағасы Бақытжан Байжанов бүгін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қорғаушының айтуынша, сот бұған дейін Байжановқа рақымшылық жасау туралы заңның талаптарын қолданып, өтелмеген жаза мерзімін үштен біріне қысқартқан. Соның нәтижесінде ол бастапқыда жоспарланған мерзімнен ертерек босатылды.

Адвокаттың мәліметінше, Бақытжан Байжанов бастапқы есеп бойынша 2026 жылдың қараша айында бостандыққа шығуы тиіс еді. Алайда Степногорск қалалық сотының жаңа қаулысына сәйкес, ол бүгін қылмыстық-атқару мекемесінен босап шыққан.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыс туралы хабарламау және оның ізін жасыру дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін оған рақымшылық туралы заң қолданылып, жаза мерзімі қысқартылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.