Алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаев АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұңғыш президент "Астана Опера" театрында орналасқан 256-сайлау учаскесінде дауыс берді.
Журналистер одан қазіргі таңда қай елде тұрып жатқанын және қайда екенін сұрады. Ол тек халыққа жақсылық тіледі.
“Табысты болыңдар, бақытты болыңдар”, – деді бұрынғы президент.
Бұған дейін Тоқаевтың референдумда дауыс бергені айтылды.