Банк маркетингісі туралы реферат
03.12.2020
06:16
0
2
Тақырыбы: Банк маркетингісі
Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.
Мәселен, 1650 жылы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатып алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылды.
Экономиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінде дербес ғылым ретінде болатын маркетингтің теориялық негіздерін американдық Сайрес Маккормик (1809-1884 жж.) жасады. Тарихта ол алғашқы комбайнды құрастырушы ретінде белгілі. Тек техникалық білімі болса да, ол нарықты зерделеу және талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет көрсетудің негізгі түрлері мен оларды таңдау секілді казіргі заманғы маркетингтің бағыттарын құрып кетті. Мұның бәрі «Интернешнл Харвестер» фирмасының өркендеуіне әкелді.
XX ғасырдың 20-30-жылдарында маркетингке қатысты көптеген жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Маккарти маркетинг мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынды. Бұл үлгі - тауар (product)., бага (ргісе), нарық (рlасе) пайда (profit) - негізгі төрт элемент бойынша «4-Р» атауына ие болды.
Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50-ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама компаниясынан кейін ене бастады.
1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытта жекелеген банк қызметінің маркетингісі пайда болды.
Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі ретінде ресімделеуімен сипатталды. Бүгінгі таңда банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдерін пайдаланып жүр.
Маркетинг дегеніміз не және оның банк саласцна енуІне не себепкер болды?
Америкалық маркетинг ассоциациясы берген маркетинг анықтамасы кеңінен тараған.
Маркетинг - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағынын өндірушіден тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімдерді өндіруге әрі өткізуге бағдарланады.
АҚШ-та маркетингке жұмсалатын шығын тауардың түпкілікті бағасының, шамамен алғанда 60%-ін құрайды. Бұл бүгінгі күнгі жағдайдағы маркетингтің маңыздылығын көрсетеді. Әлбетте өндіруші тек аса қажет жағдайда ғана мұндай шығыс шығаратынын ескеруіміз керек: ол (өндірущі) нарықтан өз орнын алып, бәсекелестік күресте басқаларына төтеп беруі тиіс.
70-шы жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелестік стратегиялық жоспарлаудың және маркетинг принциптерін пайдаланудың объективті қажеттілігін тудырды.
Бәселестіктің күшеюіне әлем экономикасындағы белгілі бір тенденцияның дамуы себеп болды. Оның негізгілері:
- Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса ауқымды өсу мүмкіндіктері мен дамуы банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуына, олардың шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі күнге дейін ұлттық аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.
- Барлық елдерде банктерге бәсекелес болып табылатын көптеген банктік емес мекемелер пайда болып, дамыды.
- Банк индустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы). Банк көрсететін қызмет спектрі ұлғайды әрі ақшалай қаражатты қарызға алудың (мәселен, облигация шығару) банктік емес әдістері дамыды.
- Ақпараттық технологияның және коммуникация құралдарының осы заманғы техниканың негізінде (базасында) дамуы қаржылық институттардың аймақтық және ұлттық қызметін кеңейтті.
- Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар арасында қаражат тарту және несие беру бойынша бәсекелестік күшейді. Банктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік өнеркәсіптегі бәсекелестікке қарағанда кешірек (кейін) пайда болса да, банк жүйесіндегі бәсекелестіктің формалары мен қарқындылығы, ішінара алғанда басқа салаларға тән кіру барьерінің (мысалы, патенттік қорғау) болмауынан әр түрлі әрі жоғары.
- Мемлекеттік реттеумен байланысты банктік қызмет көрсету нарығында бағалық бәсекелестікке шектеу қойылған, сондай-ақ процент мөлшерінің белгілі бір шектен аса алмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк процент мөлшерін жоғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады. Бірінші планға банк өнімінің сапасын басқару және оны нарықта жылжыту проблемасы шығарылады.
- Нақты нарықтық мақсатқа - барлық банк жұмыскерлерінің қозғалыстағы еңбек мотивіне қол жеткізу.
- Маркетинг - бұл кешенді міндеті бар жүйе (жоспарлау талдау, реттеу және бақылау).
- Маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен өзара байланыстырып жоспарлау.
- Маркетингті нақты іс жүзіне асырудың негізіне қабылданған маркетингілік
- Маркетингтің сәтті болуы әрбір жұмыскердің бастамасын және белсенділігін тұрақгы түрде ынталандырып, олардың біліктілігін арттырып отыруға байланысты.
- Маркетингті ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырғанда ғана сәтті жүзеге асыруға болады.
- Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.
- Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.
- Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.
- Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.
- Қаржы нарығында орын алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
- Көрсетілетін қызметтің ауқымы, кұрылымы және сапасы бойынша клиенттің талап-тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен тұрақты қатынасты қалыптастыру.
- Банктің коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік проблемаларын олардың кешенінде және өзара байланыстырып шешу.
- Несиегерлермен әрі салымшылармен ынтымақтастық құрудың және банк имиджін жасаудың маңызды шарты ретінде банк өтімділігін қамтамасыз ету.
- Нарықтың жағдайын және оның даму келешегін кешенді түрде зерделеу арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерге сатып алушының әлеуетті сұранысын жедел әрі шынайы анықтау.
- Өнімнің жаңа үлгілерін жасау бойынша ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ тұтынушылардың көптеген талап-тілегін қанағаттандыратын тиісті қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру.
- Өндірісті және қаржыландыруды үйлестіру әрі жоспарлау.
- Өнімді өткізудің және бөлудің оңтайлы жүйелерін құру әрі жетілдіру.
- Барлық қызметті өткізуді ұлғайту шараларының аясында өзгерген жағдайларға сәйкес жүйелі түрде реттеу әрі түзету.
- клиенттермен тіл табысу;
- акционерлерге дивидендтерді және пайдалы қызметті қамтамасыз ету;
- өзге несиелік және банктік емес мекемелердің өнімдерімен салыстырғанда банк қызметін пайдалану барысында клиенттерге артықшылықтар тудыру;
- банк жұмыскерін қызмет көрсетулерді өткізуге материалдық тұрғыдан мүдделі етіп қою.
- тікелей маркетингті, яғни, поштаны, телефонды және теледидарды пайдаланатын белсенді жарнаманы;
- халықтың арасында, оның ішінде, көшеде сауалдама жүргізуді;
- әлеуетті клиентпен жеке тіл табысуды, оның қажеттілігін зерделеуді, оның ішінде, оның қажетгілігін банк жұмысының процесінде зерделеуді;
- жекелеген маркетингілік проблеманы талқылау үшін банкұйымдастыратын пікірталас клубына ұқсас клубты білдіретін «фокус-групп» құруды қамтиды.
- Нарықты тануға қажетті ақпараттарды алу (жинау);
- Тауарларды зерделеу және оның бағаларын анықтау (тауар-баға);
- Көрсетілетін қызметтерді өткізуді ұйымдастыру. Ақпаратты алу (жинау) мақсатына коммерциялық банктің нақты (игерілген) әрі әлеуетті нарығын анықтау, оның қажеттіліктер мен алдан күткендерін зерделеу жатады. Нарық сипаттамасы үшін банкке тиесілі жалпы үлес, оның ішінде, қарыздар мен депозиттердің үлесі және жекелеген қызмет көрсету түрлері нарығының үлесі анықталады әрі коммерциялық банк нарығы өзге де бәсекелесуші бір тұрпаттағы несие мекемелерінің нарығымен салыстырылады. Нарықты детальды түрде зерделеуде оның сегментациясының маңызы зор.
- нарық сегменті айтарлықтай нақты кескінге ие болуы керек;
- алынған сегмент банкке біршама пайда әкелетіндей болуы қажет;
- іріктелген сегменттерде банктің қызмет көрсетулерді жылжытуға қажетті арналары және жарнамасы болады және т.б.
- Бүгінгі күнмен өмір сүретін, яғни ертеңгі күнін ойламайтын адамдар.
- Авантюристер.
- Пайдаланушылар, яғни, мінез кұлықтарында бәсеңдік танытатын, алайда материалдық құндылықтарға құрметпен қарайтын реалистер.
- Оқиға ортасында жүруді қалайтындар.
- игерілген қызметтерді өзінің ескі клиенттеріне сату;
- ену (кіру) стратегиясы (бұрынғы қызметтерді жаңа клиентке ескі нарықта сату);
- даму стратегиясы (ескі қызметтерді жаңа нарықта сату);
- жаңа қызметтерді өткізу стратегиясы (жаңа қызметтерді игерілген ескі нарықта сату),
- әртараптандыру (жан-жақты дамыту) стратегиясы (жаңа қызметтерді жаңа нарықта сату). Бұл стратегия тұрпаты банк үшін ең тәуекелдік деңгейі жоғары тұрпат болып табылады.
- банктің ұйымдық құрылымыңда банк бизнесінің, маркетингтің жаңа формаларын әзірлеумен айналысатын стратегиялық тұрғыдан дамытудың арнайы тобын құру;
- стратегиялық жобаларды жүзеге асырушы жұмыскерлерді ынталандыратын арнайы жүйені ұйымдастыру;
- стратегиялық жоспарлаудың артықшылықтарына банк басшылығын иландыру, яғни стратегиялық жоспарда қарастырылатын міндеттердің басшылықтарына банк басшылығының мүдделілік деңгейін көтеру;
- банктің стратегиялық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру қызметіне барлық деңгейдегі басшыларды тарту;
- стратегиялық жоспарлы бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы, яғни қалайша орындалып жатқаны жөнінде оған жауапты барлық тұлғалар үшін ақпарат жүйесін ұйымдастыру;
- нақты бақылау жүйесін қалыптастыру.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ