"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Балуан Шолақ» көрерменімен қауышады

«Балуан Шолақ» көрерменімен қауышады

«Балуан Шолақ» – режиссер Нұргелді Садығұловтың көркем фильм саласындағы со­ны қадамы, тырнақалды туын­дысы екенін атап өткен жөн.

Соңғы екі ай шығар­ма­шылық топ үшін ауқымды түсірілімдердің монтажына арналды. Монтаждың соңғы нұсқасы «Қазақфильм» кино­студиясының Сараптамалық кеңесіне көрсетіліп, осыдан кейін ғана дыбыстау, графика және түстеу жұмыстары атқарылды, – деді режиссер. 

Сондай-ақ режиссер Бура­байда өткен түсірілімдер туралы баяндай келе: «Көкшетаудағы түсірілімдер өте сәтті өтті деп ойлаймын, себебі мен үшін табиғат таптырмас актер. Тү­сірілім кезінде жаңбыр жауып, боран да болды. Соған қа­рамастан, түсірілім тобы бір адамдай жұмыс істеді. Соның ар­қасында алдымызға қойған мақсатымызға қол жеткіздік» деген болатын. 

Фильмнің түсірілімдері Алматы облысы, Павлодар қаласы және Бурабайда өткен. Көпшілік сахналарға 300-ге жуық адам қатысқан.     

– Ең бастысы мен үшін Ба­луан Шолақтың бейнесін үлкен экранға әкелу және сол дәуірді көрсету болды. Актерлердің бар­лығы да барын салды. Деген­мен,  Балуан Шолақ рөлін­дегі Еркебұлан Дайыров, Ақыл­байды сомдаған Медғат Өмірәлиев пен Долгоносовты ойнаған Александр Багрянцевті ерекше атап өткім келеді, – деді режиссер Нұргелді Садығұлов.

Осы арада фильмге екі бір­дей трейлер және екі саундтрек әзірленгенін айта кетелік. Фильм алдағы күндері қалың көрерменімен қауышады. 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Дереккөз: http://egemen.kz/
Автор
Бауыржан