Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Балапан” арнасының продюсері зорлады”: Жас жігіт мәлімдемесіне Ләйлә Сұлтанқызы жауап берді

“Балапан” арнасының продюсері зорлады”: Жас жігіт мәлімдемесіне Ләйлә Сұлтанқызы жауап берді

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» арнасына қатысты әлеуметтік желіде тараған дауға пікір білдіріп, нақты дәлелсіз бүкіл ұжымға айып тағу орынсыз екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, арна көптеген аутсорс-компаниялармен жұмыс істейді. Яғни мультфильмдер, сериалдар мен түрлі тележобаларды сырттан тартылған продакшн топтар дайындайды. Мұндай жобаларға ондаған, кейде жүздеген адам қатысуы мүмкін.

«Арна тек тапсырыс беруші. Ал жобаларды аутсорсер компаниялар жүзеге асырады. Сондықтан арна қызметкерлері барлық адамды жеке тануы міндетті емес», – деп жазды журналист.

Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» арнасында 2012-2016 жылдары еңбек еткенін айтып, сол кезде ер продюсерлердің өте аз болғанын, олардың көбінің штаттан тыс жұмыс істегенін жеткізді.

Сонымен қатар ол егер жәбірленуші шынымен кінәлі адамның жауапқа тартылғанын қаласа, құқық қорғау органдарына ресми түрде арыздануы қажет екенін атап өтті.

«Мұндай мәселелермен айналысатын арнайы органдар бар. Егер нақты адам белгілі болса, іс заң аясында қаралуы тиіс», – деді тележүргізуші.

Ол сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушыларынан өзін бұл дауға қатысты белгілей бермеуді сұрады.

«Мен әріптестерімнің жеке өміріне араласқан емеспін. Біреудің жеке шекарасынан аттауды дұрыс деп санамаймын», – деді ол.

Осыған байланысты «Балапан» арнасы да ресми мәлімдеме жасап, 2010 жылдан бері штатта ер адам «продюсер» қызметінде болмағанын хабарлады. Кейін әлеуметтік желіде мәлімдеме жасаған азамат оқиғаның «Балапан» арнасына емес, коммерциялық жобаға қатысты екенін нақтылап, жаңа видео жариялаған. Сондай-ақ арна ұжымынан кешірім сұраған.

Еске салайық, бұған дейін актер Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын балалар арнасымен байланысты жобада жұмыс істеген кезінде продюсер тарапынан зорлық көргенін айтқан еді. Бұл мәлімдеме қоғамда қызу талқыланып, кейбір желі қолданушылары арнаға бойкот жариялауға шақырған болатын. Кейін актер бұл мәселеге қатысты ашық сұхбат беруге дайын екенін мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.