KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Балаларынан безген жауапсыз еркек…”: Мөлдір Әуелбекова ел естімеген шындығын айтты

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өміріне қатысты жазба жариялады. Ол өз жазбасында некенің бұзылуы ешбір әйел үшін алдын ала жоспарланбайтынын атап өтіп, кейбір ер азаматтардың жауапкершілікті толық сезіне бермейтінін сынға алды., деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі некедегі қиындықтар мен қоғамдағы отбасы құндылықтары туралы жазбасында былай деп пікір білдірді:

“Бірге жанымыз!”. Осы әнді орындағанымда мен де, ажырасамын деп ойламадым. Ешқандай қыз ажырасамын деп күйеуге шықпайды. Ол - міне менің тірегім, арқа сүйер азаматым деп, сенім артады емес пе…? Бірақ өкініштісі әйел былай тұрсын, балаларынан безіп отырған бір сондай жауапсыз еркектерден құралған бір буынды көріп отырмыз. Иә, бәріне топырақ шашпаймын. Небір мықты азаматтар баршылық қой. Дегенмен, жауапкершілігі отбасы түгілі өз өзіне жете алмай жатқан ерлер басымырақ болып тұр… Бұл біз өмір сүріп отырған өз қоғамымыздың қазіргі дерті. Отбасын құрбан ете салатын, жеме жемгенде келгенде бәріне оп-оңай қол сілтей салатын ерлер, біраз ой жүгіртіп жинақталатын кездерің келді. Қыздарымыз үшін! Нәзік жандылар үшін! Аналар үшін! Болашақ ұрпақ үшін! Ұлтымыз үшін!", – деп жазды ол.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары