KZNews.kz
Жаңалықтар

"Балаларынан безген жауапсыз еркек…": Мөлдір Әуелбекова ел естімеген шындығын айтты

Қайсар Қанат
instagram.com/moldir.auyelbekova. Суретте: Мөлдір Әуелбекова

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, отбасылық өмір мен ер азаматтардың жауапкершілігі туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі "Бірге жанымыз!" әнін алғаш орындаған сәтін еске алып, сол кезде ажырасу туралы ойдың үш ұйықтаса да түсіне кірмегенін айтты.

"Бірге жанымыз!" Осы әнді орындағанымда мен де, ажырасамын деп ойламадым. Ешқандай қыз ажырасамын деп күйеуге шықпайды. Ол - міне менің тірегім, арқа сүйер азаматым деп, сенім артады емес пе…? Бірақ өкініштісі әйел былай тұрсын, балаларынан безіп отырған бір сондай жауапсыз еркектерден құралған бір буынды көріп отырмыз. Иә, бәріне топырақ шашпаймын. Небір мықты азаматтар баршылық қой. Дегенмен, жауапкершілігі отбасы түгілі өз өзіне жете алмай жатқан ерлер басымырақ болып тұр… Бұл біз өмір сүріп отырған өз қоғамымыздың қазіргі дерті. Отбасын құрбан ете салатын, жеме жемгенде келгенде бәріне оп-оңай қол сілтей салатын ерлер, біраз ой жүгіртіп жинақталатын кездерің келді. Қыздарымыз үшін! Нәзік жандылар үшін! Аналар үшін! Болашақ ұрпақ үшін! Ұлтымыз үшін!", - деді Мөлдір Әуелбекова. 

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары