Актер Дәурен Айдарқұлов журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көптеген сұраққа ашық жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Актердің айтуынша, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет дүниеге әкелген балалар қазір Дәуреннің ата-анасының қолында өсіп жатыр.
"Ақботадан туылған екі баламыз бастапқыда анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота әркез сыртта жүреді. Күтушімен тұру бала үшін қиындау. Нағыз туған-туыстың махаббатын сезе алмайды. Менің анам үш баламды да тәрбиелеген. Ақбота екеуміз басымызды қосып, сондай шешімге келдік. Балалар ата-әжесімен, менің қарындасыммен тұрсын дедік. Ақботаның тұратын үйі бізден алыс емес. Сол кебепті үнемі араласып отырады. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ", – деді актер.
Актердің бұл сөзінен кейін желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер пайда болды.
"Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді Ақботаға", "Балаларын үлкен кісілерге бақтырып қойғаны дұрыс болмапты", "Қиындықтың бәрін ата-әжесі көріп жатыр де", "Балаларды тірі жетім етіп", – деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.