Актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасыған жүргізетін бағдарламада жеке өміріне қатысты бірнеше сауалға ашық жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Актердің айтуынша, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен туған балалар қазір оның ата-анасының қолында тәрбиеленіп жатыр.
"Басында Ақботадан туған екі баламыз анасымен бірге тұрды. Бірақ Ақбота жұмысымен көбіне сыртта жүреді, ал күтушімен бір үйде тұру бала үшін қиын. Ондай кезде туған-туыстың мейірімін сезіну оңай емес. Менің анам үш баламды да бағып-қаққан адам. Сол үшін Ақботамен сөйлесіп, ортақ шешімге келдік. Балалар ата-әжесінің, қарындасымның жанында тұрсын дедік. Ақботаның үйі бізге жақын, сол себептен жиі барып тұрады. Бұл жағынан еш қиындық жоқ", – деді актер.
Сұхбат жарияланғаннан кейін желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп, Айдарқұловты сынға алғандар да болды.
Пікір қалдырғандар: "Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді оған", "Балаларды үлкен адамдарға бақтырып қойғаны дұрыс емес, "Бар ауыртпалық ата-әжесіне түсіп отыр", "Балаларды тірі жетім етіп қойған", – деген мазмұнда жазбалар қалдырған.