Оқиға 4 қазан күні Валдоста қаласында болған. Сағат 15:45 шамасында полицияға екі иттің балаға шабуыл жасағаны туралы хабар түскен. Тергеу барысында иттердің 48 жастағы Стейси Уилер Коббқа тиесілі екені анықталды. Ол сол үйдің иесі әрі заңсыз жұмыс істеп келген жеке балабақшаның басшысы болған.
Полиция мәліметінше, бала тәрбиешісіз екі сағаттай қалған. Сол кезде ол ауладағы вольерге кіріп, ротвейлер иттердің шабуылына ұшыраған.
Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Валдоста полициясының басшысы Лесли Манахан бұл оқиғаны “немқұрайдылықтың салдары” деп атап, “Кінәлі әйелдің салғырттығынан ана өз баласынан айырылды” деді.
Қазіргі уақытта балабақша иесі Стейси Уилер Кобб қамауға алынған.