KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Бала бағып үйде отыр": Желіде Олжас Абайдың әйеліне қатысты ақпарат тарады

Торғын Абушахман

Танымал актер Олжас Абайдың әйеліне қатысты ақпарат тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыдан 10 шақты жыл бұрын өнерлі жұп отандық бағдарламада қонақ болған. 

"Қазіргі уақытты бала бағып, үйде отыр. Дегенмен өнер адамы. Бүгінгі бағдарламада ашыламын деп келді. Сондықтан мен алғаш рет телевизиялық шоуға алып келдім. Бүгін ашылып ән де айтамын, би де билеймін, бәрін көрсетемін деп отыр”, – деді Олжас Абай. “Әйелінің әдемісін-ай”, “Қалай ғана қиып тастап кетті екен”, “Аймира мінезі де, сондай әдемі, салмақты, өте жаксы адам”, “Бірінші жұбайы ғой, онымен де ажырасып кетті. Ұл-қыздары бар еді. Олардың арасына да бір әйел түскен еді”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Олжас Абай некедегі әйелмен көңіл жарастырмайтынын айтқан еді. 

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →