Бақтияр Серік Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.
Ол жаңа қызметіне 2026 жылғы 14 қазаннан бастап кірісті.
Бақтияр Серік кім?
Бақтияр Серік 1985 жылғы 21 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын аяқтап, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолы
2003-2007 жылдары ІІМ жүйесіндегі оқу орындарында білім алған.
2007-2010 жылдары Астана қаласының ішкі істер органдарында қызмет атқарды.
2010-2012 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінде сарапшы болды.
2012-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бас сарапшы қызметін атқарды.
2013-2016 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі басшысының көмекшісі, ал 2016-2017 жылдары кеңесшісі болды.
2017 жылы Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылы Президент Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2019-2022 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2022-2024 жылдары Парламент Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары болды.
2024-2026 жылдары "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқарды.
2026 жылдың шілде-қазан айларында "Қазақстан Республикасы Құрылтайының шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.
2026 жылғы 14 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Аппаратының басшысы болып тағайындалды.