"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды | КТК

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды | КТК

Жұма күні таңертең Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппараты бар ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды.

Бұл туралы ТАСС агенттігі РФ Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникация департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жұма, 21 желтоқсан күні сағат 6.20-да (мәскеу уақытымен 03 сағат 20 минут) Байқоңыр ғарыш айлағынан (Қазақстан) Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіндегі ғарыш аппараты бар ауыр санаттағы «Протон-М» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды», - делінген департамент хабарламасында.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, «Протон-М» зымыран тасығышының басты бөлігінің үшінші сатыдан ажырауы штаттық режімде өтті. Ғарыш аппаратын «Бриз-М» үдеткіш блогымен орбитаға шығару процесі бірнеше сағатқа созылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Мадияр