Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Байден Тоқаевқа хат жолдады

Байден Тоқаевқа хат жолдады

АҚШ президенті Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап жеделхат жолдады. Оның мәтінін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өзінің ресми сайтында және Telegram-дағы арнасында келтірді.

"Қазақстанның Орталық Азияда мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын", – деп жазды америкалық көшбасшы. Оның пікірініше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Fзия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша "Қазақстанның орасан зор күш-жігерін" жоғары бағалады. "Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті", – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Автор
Нұрсұлтан