7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Байбек "Алпамыс батыр" жырын оқыды: Желіде видео пайда болды - Ел жаңалықтары

Байбек "Алпамыс батыр" жырын оқыды: Желіде видео пайда болды - Ел жаңалықтары

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Тұлпар мініп, ту алған" флешмобына қатысып, "Алпамыс батыр" жырынан үзінді оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Facebook желісінде пайда болды. 

"Мен осы эстафетаны ҚР Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевадан қабыл алдым. Эстафетаны танымал режиссер Ақан Сатаев, белгілі боксшы Қанат Исламға және талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаймын", - деді Бауыржан Байбек. 

Акцияны Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев та қолдады. Ол осы эстафетаны Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Ысқақовтан қабыл алғанын айтты. 

"Алматыда бірнеше ай бұрын ғана ұйымдастырылған "Тұлпар мініп, ту алған" жобасы бүгінде ұлттық масштабқа ие болды. Осы эстафетаға қатысу - кез келгеніміз үшін биік дәреже", - деді Алматы әкімінің орынбасары. 

Айта кетейік, акцияны бұрындары мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, "Қазақстан" телеарнасының төрағасы Ерлан Карин, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және басқалары қолдаған еді. 

"Тұлпар мініп, ту алған" жобасы тамыз айының соңында басталып, Жаңа жылға дейін созылады. Жобаның мақсаты - оқушылар арасында эпос жырларын оқуға ынтасын ашу. 

Автор
Жандос