KZNews.kz
Білім

Баяндама "Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру"

KZNEWS

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады


Баяндама "Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру"

Автор: Батесова Алмана Еркиновна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Мақала Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-22

Материал туралы қысқаша түсінік

Бала бақша педагогтеріне арналған,Өзін өзі тану мұғалімдеріне

Баяндама«Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру» (өз іс тәжірбиемнен) Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен байланысады: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым – қатынасы (тұрмыстық қарапайым ережелерін орындау) кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау.Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі негізгі қағидаРухани адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез – құлқымен іс – әрекетін анықтайды.Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс - әрекет, түрлі ойындар арқылы беріледі..Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,-дейді. Демек балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің Отансүйгіштік асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.2017 – 2018 оқу жылында ересек қазақ рухани – адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Мейірімді жүрек», «Өз өзімді сүйемін» , «Адамгершілік тәрбиенің негізі» атты тақырыпта ашық оқу қызметтерін өткіздім. Менің мақсатым Баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету. Адамдық асыл – қасиеттерге тәрбиелеу болды..Оқу қызметі барысында барысында балалар Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.  Арлы адам – ардақты адам. Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ болу керек екенін білді.«Болады – болмайды» ойын – тренингін өткіздім.Балаларды жақсы мен жаманды ажыратуға үйреттім. Мақал–мәтел,тақпақтарооәңгімелеуаарқылы балалардыңаОтансүйгіштікаруханиааадамгершілік қасиеттері кеңейе түсті. Жас ұрпақтарымыздың бойынан рухани-адамгершілік қасиеттердің табылуына ықпал ету кез келген педагогтың бірден бір парызы.

Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары