KZNews.kz
Жаңалықтар

Баян Мақсатқызының күйеуі ел күтпеген жаңалығын айтып, жұртты таңғалдырды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Белгілі қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов тағы бір игі бастамасымен көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәсіпкер жаңа жылдық корпоративтік кеш барысында компания қызметкерлеріне арнап сөз сөйлеп, маңызды әлеуметтік шешім қабылдағанын жариялады. Оның айтуынша, енді компанияда жұмыс істейтін барлық қызметкердің 65 жастан асқан ата-анасына ай сайын арнайы зейнетақы төлемі берілмек.

Бұл ақпарат Тұрсын Алагөзов басқаратын GALANZ bottlers компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында да жарияланған.

Жазбада 2025 жылдың қорытындысы шығарылып, ұжым келе жатқан жаңа жылмен құттықталғаны, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шарасы ресми түрде таныстырылғаны айтылған. Атап айтқанда, әрбір қызметкердің 65 жастан асқан ата-анасына компания тарапынан ай сайын 50 мың теңге көлемінде қаржылай төлем жасалатыны мәлім етілді.

Бұл бастама әлеуметтік желіде кең қолдау тапты. Көптеген қолданушылар кәсіпкердің бұл қадамын үлкен адамгершілік пен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі ретінде бағалап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары