KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Бай тапқан ба?": Мөлдір Мұқанның бейтаныс ер адаммен түскен суреті тарады

Торғын Абушахман
jan_el_mebel парақшасынан

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде белгісіз ер адаммен бірге көзге түсті,  деп хабарлайды, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Желіде тараған фотоларда Мөлдір Мұқанның бейтаныс ер адаммен бірге жүргені байқалады. Бұл кадрлар көпшілік арасында қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Көпшілігі Мөлдірден мұндай қадам күтпегендерін айтып, таңданыстарын жасырмады.

Пікір қалдырушылар:
«Тұрсынбек басқаға үйленгенде, Мөлдір қарап тұруы керек пе?»,
«Бақытты болсын»,
«Бай тапқан ба? Құтты болсын!»,
«Қадірін білетін адам жолықсын»,
«Еркекке болады да, әйелге болмай ма?»,
«Тұрсынбек өзінен көрсін» – деген сарындағы ойларымен бөлісті.

Алайда Мөлдір Мұқанның жанындағы ер адамның кім екені әзірге белгісіз. Өнер иесінің өзі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →