KZNews.kz
Шоу-бизнес

Бағым Мұхитденова марқұм күйеуінің қазасы туралы толық айтты

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі әнші әрі продюсер Бағым Мұхитденова марқұм жұбайы Әділжан Юсуповтың өліміне өкпе қабынуы себеп болғанын айтты. Бұл туралы ол тележүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Продюсердің сөзінше, күйеуі 2020 жылы коронавируспен ауырғаннан кейін денсаулығы айтарлықтай нашарлаған. Ауру өкпеге қатты зақым келтіріп, кейін қант диабеті мен қан қысымының жоғарылауы сияқты асқынулар пайда болған.

“Оның өкпесін қабынды. Оның денсаулығы 2020 жылы коронавируспен ауырғаннан кейін нашарлай бастады… Ауру оның өкпесіне қатты әсер етті, кейін қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы және басқа да сырқаттар пайда болды. Қысқасы, ковид оның денсаулығына өте қатты әсер етті”, – деді Бағым Мұхитденова.

Өнер иесі марқұм жолдасының сырқаты ауырлағаннан кейін ұзақ уақыт бойы уайыммен жүргенін айтады.

“Мен күн сайын “Құдай үшін дәрі ішші… Өзіңді күтпейсің, мені жесір қалдыңғың келе ме?” деп айтып жүретінмін. Осындай ой мені үнемі мазалайтын”, – дейді ол.

Әділжан Юсупов коронавирус салдарын көтере жүріп бірнеше жыл өмір сүрген. Алайда 2025 жылдың 2 қаңтарында жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскен.

“Ертеңінде маған хабарласып, "жағдайы өте ауыр, желдеткіш аппаратқа қосылады" деді… Оны 3 қаңтарға қараған түні өкпені жасанды желдету аппаратына қосты… Дәрігерлер ЭКМО аппаратына қосуды ұсынды. Соның арқасында ол тағы 33 күн өмір сүрді, бірақ сол уақыттың көбінде ес-түссіз жатты”, – деп еске алды продюсер.

Мұхитденованың айтуынша, жұбайы көз жұрар алдында іштей бір жамандықты сезгенімен, бәрі жақсы болады деген үмітін үзбеген.

“Мен 33 күн бойы үмітпен өмір сүрдім… Ал ол кеткен соң – бәрі бекер екенін түсіндім”, – деді ол.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары