Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінде екі қазақстандық бойжеткеннің қаза табуына қатысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады kznews.kz
СІМ-нің ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында бұл іс бойынша әзірге қосымша мәлімет жарияланбайтынын айтты.
Оның сөзінше, тергеу мүддесіне байланысты ведомство қазіргі кезеңде оқиғаның мән-жайына қатысты түсініктеме беруге дайын емес.
"Тергеу мүддесі үшін ешқандай ақпарат жарияланбайды. Сол себепті біз қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруге дайын емеспіз. Тергеу аяқталғаннан кейін нәтижелерін ұсынамыз және оларға қатысты пікір білдіреміз", – деді Жанболат Үсенов.
Осылайша, Ақжан мен Жұлдыздың қазасына қатысты істің нақты мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін ғана жария етілмек.
Қазіргі уақытта ресми органдар тергеу қорытындысын күтуге шақырып отыр.