Германия Қазақстанға экс-прокурор Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Азиядағы ең ірі қаланың бірі апатқа ұшырауы мүмкін

Азиядағы ең ірі қаланың бірі апатқа ұшырауы мүмкін

Потсдамдағы Неміс геологиялық зерттеу орталығының ғалымдары Иранның астанасы Тегеранның топырағы біршама шөккенін анықтады.

Бұл туралы Science Alert басылымы жазады. Тегеран халқының саны 13 млн адамнан асады. Кейбір ауданы жылына 25 см жылдамдықпен шөгіп жатыр. Бұл ғимараттар мен коммуникацияға кері әсер ететіні сөзсіз. Бұған жер асты судың сарқылуы себеп болып отыр.

Зерттеушілер спутниктік радарлар арқылы Тегеран территориясында жер қабатының үстінгі жағын сканерлерді. Содан алынған деректерді тексере келе, 2003 және 2017 жыл аралығындағы жердің шөгу дәрежесін бағалады.

Ғалымдар синтез апертурасы (InSAR) бар интерферометрикалық радардың көмегімен алдын ала тексеру әдісін қолданған. Аталған әдіс топырақ кішкене шіріп кетсе де, анықтап береді.

Дереккөз: Baq.kz

Автор
Әлихан